Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бейнебақылау жүргізілуде" деген бірыңғай жол белгісі пайда болмақ

Опубликовано:

Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне "Бейнебақылау жүргізілуде" деген бірыңғай белгіні қосу жоспарлануда. Қазіргі кезде Ішкі істер министрлігі "Астана Innovations" компаниясымен бірге осы мәселені талқылауда.

Бұл туралы kolesa.kz сайты хабарлайды.

"Біз ІІМ-мен бірге Жол қозғалысы ережелеріне белгі енгізу мәселесін пысықтаудамыз. Қазіргі Астана мен Алматы қалаларындағы жылдамдық өлшеуіштер туралы белгілер әртүрлі. Біз ІІМ-мен бірлесе отырып, бірыңғай - "Бейнебақылау жүргізілуде" деген белгі ойластырудамыз, оны көрген жүргізуші бейнетаспаға түсіріп жатқанын біледі де, тәртіп бұзбауға тырысады, бұл тәртіп бұзушылықтың алдын алуға жақсы", - деді "Астана Innovations" басқарма төрағасының орынбасары Досжан Досымқұлов.

Оның айтуына қарағанда, ЖҚЕ-іне енгізуге жоспарланып отырған белгі жылдамдық өлшеу мен бейнебақылау камераларына бірыңғай болмақ.

Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағандай, Астананың автожолдарына 694 бейнебақылау камералары, соның ішінде 53 жылдамдық өлшеуіш, тоқтау желісі мен қиылыстардағы "қызыл шамнан" өтуді тіркейтін 11 камера-интегро орнатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/324766-bejnebakylau-zhyrgizilude-degen-biryngaj-zhol-belgisi-pajda-bolmak/

pixel