Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1959 жылы Теміртаудағы қанды бүлікке қатысты тың деректер анықталды

Опубликовано:

Теміртаулық тарихшылар өткен ғасырда Қазақстан Магниткасында болған қанды бүлікке қатысты тың деректерді анықтады. Ұзақ уақыт бойы құпия сақталып келген ереуіл 1959 жылы бұрқ ете түскен болатын.

Осы бүлік кезінде ондаған адам қаза тапқан. Тарихи-өлкетану мұражайы ғылыми қызметкерлерінің дерегіне сай, көтеріліске тұрмыстық жағдайдың нашарлығы себеп болды. Құрылысшылар басшылықтан жалақыны көбейтіп, азық-түлікпен қамтамасыз етуді талап еткен.

Теміртаудың байырғы тұрғындары наразы топтың ішінде қылмыскерлер де болғанын айтады.

"Тіпті олардың жастарды бүлікке итермелеуі де мүмкін. Әйтпесе бұл жағдай бейбіт түрде шешілуі тиіс еді", - деп отыр.

Қаладағы орталық дүкенді басып алған топтан үрейленген тұрғындар бірнеше күн бойы үйлерінен шығуға бата алмаған.

Теміртау қалалық тарихи өлкетану мұражайының қызметкері Татьяна Хмелева: "Жастар терезені сындырып, кәдеге жарайтын нәрсенің бәрін талап алып жатты. Тәртіп сақшылары аспанға оқ атқан соң, дүкен мен асхананы тонаушылардың екпіні басылды. Кейін олар сарбаздарға тас лақтыруға кірісті", - деп еске алады.

Сол кездегі ресми деректер бойынша, тек бір адам ғана қаза тапқан. Ал куәгерлер көз жұмғандардың көп болғанын айтады. Әрі оқ атуға кімнің бұйрық бергені де белгісіз. Сол тұста Қазақстан Магниткасын дамытуға ерікті жастар шақырылып, оларға баспана уәде етілген.

Іле-шала Теміртауға Кеңес Одағы құрамындағы мемлекеттерден 20 мың адам ағылды. Алайда олардың барлығына пәтер беру мүмкін болмай, жастар шатырларға орналастырылған. Шағын топтарға бөлінген 2000-нан астам адамның жуынып-шайынуы мен дұрыс тамақтануына қажетті жағдай болмапты. Ал бұған наразы құрылысшылардың ашуы осындай бүлікке соқтырған.

Наразылық шеруі үш күннен кейін басылды. Қалаға 2000 сарбаздан құралған қарулы жасақ кіргізіліп, сол кездегі Компартияның бас хатшысы Леонид Брежневтің өзі Теміртауға арнайы келеді. Дегенмен, сол кезде ереуілге шыққандар әлі күнге жұмған аузын ашар емес. Ал тарихшылар бұл оқиғаның зардабы назардан тысқары қалмасынан үмітті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/325019-1959-zhyly-temirtaudagy-kandy-bylikke-katysty-tyn-derekter-anyktaldy/

pixel