RU

Палестиндік балақай әлеуметтік желінің жұлдызына айналды

Швед радиостансасының тілшісі Йохан-Маттиас Соммарстрём Газа көшелерінен 6 жасар баланы жолықтырған – ол өзін журналист деп таныстырып, ересек әріптесінен "TV" деп жазылған шлемін сұрапты.

Осынау ержүрек балақайдың мына суреті әлеуметтік желілерде 10 мыңнан аса "ретвит" жинап үлгерді, деп хабарлайды BNews.kz RT-ға сілтеме жасап.

Швед журналисі Соммарстрёмнің әңгімелеуінше, көшеде өтіп бара жатып, өзін репартер деп таныстырған, ал кеудесі мен белінен түйілген қара полиэтилен пакетті бронежелетке теңеген мына батыл баланың өмірге деген құлшынысы үлкендерге ой салып, өзгелерге үлгі болары сөзсіз.

Журналистік образын толықтыру үшін бүлдіршін Соммарстрёмнің "TV" деп қолдан жазылған шлемін сұрап алған. Мұндай баскиім әскери қақтығыс ортасында жұмыс жасап жүрген журналистердің бәрінің басында бар.

Өз радиостансасында эфир жүргізген швед тілшісі жаңа досы жайлы былай деп әңгімеледі: "Баскиімді киіп алған ол өзін батыр сезінгендей болды. Оның достары күліп, айнала билей бастады. Жігіт сәл ұялып қалды, ал мен оны суретке түсіріп алдым". 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/325106-palestindik-balakaj-eleumettik-zhelinin-zhyldyzyna-ajnaldy.html