Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенаттағы бір орынға 4 үміткерден келеді

Опубликовано:

Сенат депутаттығына сайлаудың бір мандатына орташа бәсекелестік 4 адамды құрап отыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

Тоқтала кететін жайт, тамыздың 2-сінен бері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну басталып, олардың саны бүгінде 72-ге жеткен. Олардың 4-еуі әйел адам.

"Әзірше, депутаттықтың 1 мандатына орташа бәсекелестік 4 адамды құрап отыр. Соның ішінде ең аз бәсекелестік республиканың екі өңірінде байқалады, оларда бір мандатқа 3 адамнан таласады. Ал ең көп бәсекелестік сайлау өтетін үш облыста - 1 мандатқа 6 кандидаттан келеді", - дейді ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, сайлау науқанының күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну 31 тамызға дейін жалғасады. Ал кандидаттарды тіркеу облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларында 11 қыркүйекке дейін жүзеге асады.

"Егер ұсынылған кандидаттардың жасына келсек, олардың басым бөлігі 45-55 жастағылар. Бұлар 33 адамды құрайды немесе жалпы ұсынылғандардың 45 пайызына тең", - деді ОСК басшысы.

Еске сала кетейік, Сенат сайлауы 1 қазанда өтеді. Оны өткізуге бюджеттен 130 млн теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/325132-senattagy-bir-orynga-4-ymitkerden-keledi/

pixel