RU

Жапонияда тістері ауырған кейіппен суретке түсу сәнге айналды (фото)

Жапониядағы өзіндік бір "жаңашылдықта" бойжеткендер беті атжақты сұлу көрінуі үшін тістері ауырғандай жүздеріне алақанын басады екен.

"Селфи" мен әуесқой суреттерді санамағанда, бұл үрдіс сән журналдары сырттарынан да орын алып, Жапонияда аса танымал делінетін аниме жанрында да кең таралуда, деп жазады The Daily Mail.

Okoge деген бүркеншік аты бар Twitter пайдаланушысы, журнал сырттарындағы арулардың көпшілігі алақанын бетіне басатынын байқап, "Бұлардың бәріне не болған, тісіне қанғұрт түскен бе?", - деп жазады.

Жас жігіттің жазбасы 35 мың рет ретвиттелген. Жаңа фото-тренд тиісті атауын да иеленіп үлгерді, ол - mushiba poozu, яғни қазақ тіліне аударсақ, "тіс ауырған сыңайдағы түр" мағынасын білдіртеді.

Мұндай сипатта суретке түсетін қыздар, өздерін неғұрлым арық, нәзік әрі әдемі көрінемін деп ойлайтын болса керек деп жазады Lite.BNews.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/325160-zhaponiyada-tisteri-auyrgan-kejippen-suretke-tysu-senge-ajnaldy-foto.html