Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы секс-туризм туралы жазған үнділік журналист кешірім сұрады

Опубликовано:

Үндістанның DNA агенттігінің журналисі Шахкар Абеди Қазақстанда секс-туризмнің танымал боп тұрғаны туралы жарияланымы үшін кешірім сұрады. Басылым үндістандық ер адамдардың курортты елдерден гөрі Қазақстанды артық көретіні туралы мақала жариялаған болатын.

Бұл туралы Tengrinews.kz Қазақстанның Үндістандағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлады.

Өзінің ресми мәлімдемесінде мақала авторы болған жағдай үшін өкінетінін және енді қайталамайтынын айтты.

"Мен жазған мақала туризм индустриясы жетекшілері мен инсайдерлерінің бақылауларына негізделген еді, өйткені олар - туристік саладағы ахуалды жақсы бағалай білетін ақпарат көздері. Мақаламда мен атаған адамдардың көбі ондай трендтің шын мәнінде барын айтты, мен сол пікірлерді бір мақалаға біріктірген едім", - деп жазды Абеди.

Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің басшысы Дулат Қуанышев бұған дейін үнді журналисінің мақаласында пікірі қолданылған төрт адамның екеуінің өз сөздерінен бас тартқанын хабарлаған болатын.

Мақалада туризм саласының сарапшылары Үндістандағы ер адамдардың Қазақстанға Таиланд, Сингапур, Индонезия елдеріне қарағанда көп баратынын айтады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/325460-kazakstandagy-seks-turizm-turaly-zhazgan-yndilik-zhurnalist-keshirim-syrady/

pixel