RU

Әлемдегі ең қымбат үй Гонконгта орналасқан

Әлемдегі ең қымбат сәулетті үй Гонконгта сатылады екен. Бұл үйдің шаршы метрі 245 мың доллар шамасында әрі жылжымайтын мүлік нарығы үшін рекордты баға болып табылады.

Үш қабатты үйдің құны 106 млн долларды құрайды. Мегаполистің элиталық ауданында салынған аталмыш апартаменттің аумағы 433 шаршы метр.

Лондон және Монакомен қатар, Гонконг элиталық жылжымайтын мүлігі ең қымбат қала саналады. Бағаның тым шарықтауын риэлторлар бос жерлер мен нарықтағы ұсыныстардың аздығымен түсіндіреді.

Айта кетсек, дәулеті 10 млн доллардан асатын мультимиллионерлер саны бойынша да Гонконг әлемде көш бастап келеді деп жазады BNews.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/325518-elemdegi-en-kymbat-yj-gonkongta-ornalaskan.html