RU

Оралмандар Астана мен Алматыға орала алмайды

Алматының көші-қон қызметі оралман мәртебесін алуға құжаттар қабылдауды тоқтатты. Оралмандар қоныстандырылатын өңірлердің тізімінен Алматы мен Астана қаласы алынып тасталған.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

"Үкімет оралмандар қоныстандырылатын өңірлерді бекітті, Алматы оған енгізілмеген. Енді Алматыда тұрғысы келетін этникалық қазақтар жеңілдетілген рәсім бойынша азаматтық пен тұрғылықты мекенжайынан рұқсат алуы керек. Алайда оралман мәртебесінен бұрын тұрғылықты мекенжайынан рұқсат алуы тиіс", - дейді Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы Күлсім Ысқақова.

Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, 2013 жылдың шілдесінен 2014 жылдың шілдесіне дейін этникалық көші-қон мәселесі бойынша 624 адам жүгінген.

Оның 315-сі оралман мәртебесін алуға өтініш берсе, қалғандарына көші-қон заңнамасы түсіндіріліпті. 2014 жылы 142 этникалық қазақ Алматыда оралман мәртебесін алған.

"Олардың басым бөлігі Өзбекстаннан келген, өзге де елдердің бірлі-жарым азаматы бар, дегенмен барлығы бірдей оралман мәртебесін алуға ұмтылмайды, көбісі уақытша тіркеу мәселесімен жүгінеді", - деп толықтырды Күлсім Ысқақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/325522-oralmandar-astana-men-almatyga-orala-almajdy.html