Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің "сараң" қалалары белгілі болды

Опубликовано:

Сарапшылар әдетте ұлттарды, қалалар мен елдерді қонақжайлығына қарап рейтинг түзетін. Бұл жолы олар "сараң" қалалардың тізімін жасап отыр деп хабарлайды 24.kz.

Үздік үштік қатарында Ресей астанасы Мәскеу де бар. Сарапшылардың айтуынша, ондағы тұрғындар тым дөрекі, өзге тілде сөйлей алмайды және шетелден келгендерді мүлдем жақтырмайды.

Қалалардың рейтингін Conde Nast Travelers журналының мамандары әзірлеген. Олар бүкіл әлемнің туристері арасында интернет арқылы сауалнама жүргізіп, "сараң" қалаларды анықтаған.

Антирейтингідегі бірінші орын Оңтүстік Африкадағы Йоханнесбург қаласына тиесілі. Өзінің сұлулығына қарамастан, ол қауіпті қалалардың қатарында. Мұнда қылмыстың көрсеткіші тым жоғары. Осыған байланысты саяхатшыларға ОАР астанасына бармауға жиі кеңес береді. Оның үстіне аталған қалада тіл мәселесі өте күрделі.

Ал екінші орынды сауалнамаға қатысушылар Франциядағы Канн қаласына берген. Көптің пікіріне қарағанда, аталған шаһар туристердің есінде ешқандай қызығымен есте қалмайды. Ал халқы үнемі түнеріп жүретіндігін айтады.

Осы тізімге Францияның тағы екі қаласы кіріп отыр, атап айтқанда, Париж бен Марсель. Сарапшылардың айтуынша, Париж халқы тым дөрекі, шеттен келген туристерге көмектесуді білмейді. Ал Марсельде ұры көп.

Бұл тізімде Пекин де бар. Сауалнама қатысушылары "Қаланың тым ластығынан көрікті жерлер көлеңкеде қалып қояды", – дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/325701-elemnin-saran-kalalary-belgili-boldy/

pixel