Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкіметтегі ауыз-түйіс биліктің өзіне жасалған жағдай деп бағаланды

Опубликовано:

Үкімет қайта құрылғаннан кейін сарапшылардың пікірі екіге жарылды. Біреулері бұл қадамды қолдаса, екіншілері ауыс-түйіс халық үшін емес, биліктің өзіне жасалған жағдай деп бағалап отыр. Тіпті үлкен саяси науқан алдындағы дайындық деген пікірде бар деп хабарлайды 31 арна.

Бір кездері жеке дара министрлікті басқарған шенеуніктер бір мезетте жылы орнынан айрылып, бұрынғы әріптесінің бағыныштысы болып шыға келді. Сабырмен қабылдағаны мен түсініспеушілігін жасырмағандары да бар. Алайда, көбінің жас екенін ескерткен президент, болашақтарың алда деп ынталандырып қойды.

Үкімет қайта жасақталғалы бүгін екінші күн өтті. Бұл уақыт ішінде жаңа биліктің бастан-аяқ ештеңе өзгертпесі анық. Алайда, оларға президенттің артар жүгі ауыр. Халықтың жағдайын жақсарту үшін бар күштерін жұмсауы тиіс. Дәл осылай болатынына сенетіндерден күмәнданатындар басым сыңайлы.

Қарапайым халық айтқан өзгерістер қандай болмақ? Мемлекеттік қызметкерлерді жаппай қысқарту ма? Әлде билігін жоғалтқан министрдің барлық бағыныштыларын артынан ертіп жаңа басшылықтың жанына көшіп баруы ма? Жоқ, бұлардың біреуі де болмайды! Көптің көңілін күпті еткен сұраққа саясаткер Зәуреш Батталованың жауабы осы. Ол мұны биліктің үйреншікті әрекеті, үлкен науқан алдында өздерін күшейтіп алуға бағытталған қадам деп отыр.

"Саяси науқандарының бастамасы. Негізі осы топпен, осы өзгеріспен бір саяси науқанға біз жетеміз. Ол мерзімсіз парламент сайлауы бола ма, ол мерзімсіз президент сайлауы бола ма? Сондықтан бұл халыққа, қоғамға қажет өзгеріс емес. Бұл билікке ғана керек өзгеріс",- дейді саясаткер Зәуреш Батталова.

Саяси науқандарының бастамасы. Негізі осы топпен, осы өзгеріспен бір саяси науқанға біз жетеміз. Ол мерзімсіз парламент сайлауы бола ма, ол мерзімсіз президент сайлауы бола ма? Сондықтан бұл халыққа, қоғамға қажет өзгеріс емес. Бұл билікке ғана керек өзгеріс.

Сондай-ақ, Батталова бұрынғы министрлердің жаңа басшысына бағынбауы немесе командааралық қырқысуға да жол жоқ екеніне сенімді. Өйткені, мұның бәрі қалыптасқан жүйе бойынша жасалған шаралар.

Қоғам бұған қоса, қаржы полициясын таратып, жаңа агенттікке қосқаннан келетін пайда шамалы деп отыр. Атауын өзгерткенге бола елдегі денсаулық сақтау саласы ретке келетініне де сенгісі жоқ. Халық бұл тағы да арифметикалық амал деген түйінде. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/325788-ykimettegi-auyz-tyjis-biliktin-ozine-zhasalgan-zhagdaj-dep-bagalandy/

pixel