Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Рамазан Стамғазиев қызын ұзатты (фото)

Опубликовано:

Танымал жұлдыздар отбасы Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның еркесі Перизат ұзатылды. Күйеу бала - Айдос Тұрған есімді азамат. Қалыңдық туыстарының айтуынша екі жас колледж табалдырығын аттағаннан таныс.

Шаңырақ көтерген жастар бір саланың мамандары. Перизат Стамғазиева бүгінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша дипломын қорғап, енді жұмыс қарастырмақшы. Ал күйеу жігіт кәсіпкер екен.

Жаңа құдалар Қытай қазақтары болып шықты. Ол кісілер де Қытайдағы Шыңжаң жерінің өте сыйлы, құрметті азаматтары екен.

Айтуларынша, жергілікті басқару жүйесі мен кәсіпкерлікте абыройы бар, Қытай қазақтары арасында танымал кісілер.

Стамғазиевтер жайған дастарханға екі жүзден астам қонақ шақырылған. Олардың ішінде қазақ сахнасының  жұлдыздары мен ақын-композиторлар, саясаткерлер де болды.

Той дастарханнын Стамғазиевтер әулетінің үлкені Ұлдақан ана ашып берді.

Тойдың жүргізушісі Сержан Молдаханұлы болды.                                                                                                  Жұлдызды жұп күйеу баласымен билеуде.

Тойдың құрметті қонақтары.

Ұлту Қабаева жаңа құдасымен "Қара жорға" биін билеуде.

Тойдың сыйлы қонақтары қонакәдесін тартып жатыр.

Перизат Стамғазиеваны шығарып салу салтанаты.

Күйеу жігіттің күтіп алуы.

Айта кетсек, былтыр ғана Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаева үлкен ұлдарын үйлендірген болатын. Жақын күндері жұлдызды жұп немере сүйгелі отыр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/325958-enshi-ramazan-stamgaziev-kyzyn-yzatty-foto/

pixel