RU

Жағалауға екі басты дельфиннің денесі шығып қалды (фото)

Түркияның Измир қаласының маңындағы жағалауға екі басты өлі дельфиннің денесі шығып қалды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Мутант балықтың денесін Тугрул Метин есімді жергілікті мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі тауып алыпты. Кейін анықталғандай, бұл әлі толыспаған, бір жастан жаңа асқан дельфин екен.

Тугрул Метин бірден оқиға орнына полиция шықырыпты. Арнайы мамандар балықтың денесін зерттеу үшін алып алып кеткен. Қараса, балықтың екі басында да көз дұрыс жетілмеген, яғни соқыр болып шыққан.

Сондай-ақ, екі бастың бірінде тыныс алу тесігі дұрыс жетілмеген екен.

Ғалымдар: "бұндай сиям егіздері өте сирек кездеседі", - дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/326133-zhagalauga-eki-basty-delfinnin-denesi-shygyp-kaldy-foto.html