Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ең көп тараған фамилиялардың тізімі жасалды

Опубликовано:

Әділет министрлігі Қазақстандағы ең көп тараған фамилиялардың тізімін ұсынды. Бірінші орында Ахметовтер тұр. Бір қызығы, ең танымал төрттікке Ким фамилиясы кіріп отыр. Олардың бүгінгі саны 37 мыңнан асатын көрінеді.

Сонымен, Қазақстанда ең көп тараған фамилия - Ахметов екен. Еліміз бойынша 73 мыңнан астам адамның тегі - Ахметов.

Екінші орында Оспанов фамилиясы. Оспановтардың саны елімізде 49 мыңнан асады. Ал үшінші орында Омаровтар. Қазақстанда олардың саны 45 мыңнан асады.

Кең тараған фамилиялардың бестігін Ивановтар тәмамдайды. 39 мың адам осы фамилияны иемденген.

Сондай-ақ, тізім бойынша алдыңғы ондықтың ішіне, Әлиев, Сүлейменов, Ысқақов, Абдрахманов, Калиев сияқты фамилиялар енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/326495-kazakstanda-en-kop-taragan-familiyalardyn-tizimi-zhasaldy/

pixel