RU

Тауық терісіндегі ер адам Лондон тұрғындарының жағасын ұстатты (видео)

Қала көшелерінде тауық терісінен тігілген костюммен жүрген ер адамды көрген Лондон тұрғындары жағаларын ұстады деп хабарлайды Қазақпарат.

Дүниеден безген сияқты көрінген ер адам метро вагондарына, дүкендерге кіріп, саябақта өзімен-өзі жүрген. Оны көрген адамдар британдықтың киімінен жағымсыз иіс шыққанын айтуда.

Видеода толық әрі тауық терісінен костюм киген ер адамнан қалай теріс айналып жатқандары көрініп тұр. Анықталғандай, осындай қадамға барып жүрген суретші Льюис Джи Бертон болып шықты.

Британдықтың айтуына қарағанда, оның осындай ерекше киімде қоғамдық орында пайда болуы деген FLESH атты перфоманстың бір бөлігі болды.

Бертон өзінің осылайша тәжірибе жасағанын, ол адамның коомерциялық мақсаттарын анықтау үшін осындай қадамға барған. Алайда күннің соңына қарай оның киімінен өте жағымсыз иіс шыға бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/326570-tauyk-terisindegi-er-adam-london-tyrgyndarynyn-zhagasyn-ystatty-video.html