Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда халық саны 2030 жылы 20 млн-ға жетеді

Опубликовано:

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында Қазақстан халқы 124 мың адамға артты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

"2014 жылдың 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 284,9 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар - 9 523,1 мың (55,1%), ауылдықтар - 7 761,8 мың адамды (44,9%). 2014 жылғы қаңтар-маусымда жалпы елімізде халық саны 124,1 мың адамға немесе 0,7 пайызға өсті, 2013 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 256,3 мың адамға немесе 1,5 пайызға артты",- деді Әлихан Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларын өңдеу нәтижесінде 2014 жылдың қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны 193,3 мың адамды құрап, 2013 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 4,7 мың адамға немесе 2,5 пайызға артқан.

Сонымен қатар комитет басшысының айтуынша, қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 66,9 мың адамды құрап, 2013 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 3,5 мың адамға немесе 5 пайызға азайған.

Сондай-ақ, комитет басшысы осы қарқын сақталатын болса халық санының 20 миллионға қашан жетерін де болжады.

"Статистикалық сандарды салыстырып, сараптап қарасақ Қазақстан халқының саны бес жылда бір миллион адамға көбейіп отырады екен. Енді есептеп қарайық, еліміздегі бүгінгідей өсу қарқыны сақталатын болса, 2018 жылдың соңына қарай біз 18 млн, 2023 жылы 19 млн, ал 2028 жылдың соңын ала 20 миллионға жетеміз деп анық болжам жасауға болады, – деді Әлихан Смайылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/327124-kazakstanda-halyk-sany-2030-zhyly-20-mln-ga-zhetedi/

pixel