RU

Мектептерде математика пәнінің мұғалімі жетіспейді

Қазақстан мектептерінде математика пәні мұғалімдерінің тапшылығы байқалады деп хабарлайды Қазақпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство деректеріне қарағанда, жалпы елімізде 2472 педагог жетіспейді, оның 1169-ы - ауылдық жерлерде. "Математика пәнінен 193 (ауылдық жерлерде 89), химиядан - 84 (64), ағылшын тілінен - 76 (69), физикадан - 77 (56), бастауыш сыныптарға - 102 (23) мұғалім жетіспейді", - делінген "Қазақпараттың" ресми сауалына берген министрліктің жауабында.

Айта кетейік, 2013-2014 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 294897 ұстаз еңбек етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/327159-mektepterde-matematika-peninin-mygalimi-zhetispejdi.html