RU

Ғаламторды Қайрат Нұртастың "крутой гаражы" деген суреттер шарлады

Әлеуметтік желілерде "Қайрат Нұртастың гаражы" деген суреттердің топтамасы пайда болды. Суреттерден жұлдыздың гаражы Bentley, Bugatti және Mercedes-Benz сияқты көліктерге толы екенін байқауға болады.

Алай бұл ақпараттың шынайылығына күмәнданған Аutomag.kz сайты өз зерттеуін жүргізбек болыпты.

Анықталғандай, "Өкініш" фильмінде жиі "жалтыраған" қымбат көліктер Қайрат Нұртасқа тиесілі емес.

Алайда оның Instagram әлеуметтік желісіндегі суреттерге қарағанда, әншіге екі көлік - қара түсті Gelandewagen мен Lexus LX570 - бар екенін түсінуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/327282-galamtordy-kajrat-nyrtastyn-krutoj-garazhy-degen-suretter-sharlady.html