RU

Қазақстандық жас әнші жүлдегер атанды

Қазақстандық жас әнші Мұхамедәлі Жүгінісов балалар арасында өтіп жатқан "Новая волна – 2014" байқауында 3-орынды иеленді деп хабарлайды Қазақпарат.

Жерлесіміз Сейдолла Бәйтерековтің әйгілі "Әлия" әнін орындап, қазылардың жүрегін жаулап алды. Олардың барлығы жас әншіге 11 ұпайдан қойды.

Айта кетейік, балалар арасындағы "Новая волна – 2014" байқауы Қырымдағы "Артек" лагерінде өтті. Байқауға 11 елден 17 орындаушы қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/327379-kazakstandyk-zhas-enshi-zhyldeger-atandy.html