RU

Ақтауда вандалдар ескерткішке фашистік таңба салып кетті

Ақтау қаласында Тобанияз Әлниязұлының ескерткіші қорланды. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті маңында орналасқан ескерткішке вандалдар фашистік таңбаны салып, бейпіл сөздерді жазып кеткен.

Бұл туралы Tengrinews.kz "Лада" порталына сілтеме жасап хабарлады.

"Каспий Оперейтинг" ЖШС директоры Әбдірахым Қалымовтың сөзіне қарағанда, қалада ескерткіштерді бояу сияқты вандалдық әрекеттер жиі болып жатады. Көбінесе, Тобанияз Әлниязұлы, Тарас Шевченко және Мәңгілік алау ескерткіштері қорланады.

"Біздің жұмысшыларымыз аптасына үш рет барлық ескерткіштерді тексеріп отырады. Сол кезде ылғи бір жазуларды өшіруге тура келеді. Біз оның бәрін істейміз. Бірақ мұнымен мәселе шешілмейді ғой. Біз қаланың ішкі істер басқармасына бірнеше рет өтініш жасап, бейнебақылауды орнатуды сұрағанбыз. Алайда әлі күнге дейін нәтиже жоқ", - дейді Қалымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/327865-aktauda-vandaldar-eskertkishke-fashistik-tanba-salyp-ketti.html