RU

"Мария Магдалена" әнінің орындаушысы гонарарын жариялады (видео)

Заттыбектің "Ақмаржаны" мен Ақылбек Жеменейдің "Қызыл өрігінің" тағдырын қайталап, олардың орнын басқан, бүгінде қазақтың әр тойынан түспейтін қазіргі тойдың хит әндері қандай? Осы әндер арқылы елге танылып, қалтасын қалыңдатқандар кім деген сауалдарға тілшілер жауап іздеді деп хабарлайды 31 арна.

Міне, бұл халық  сұранысына енген, қазіргі кезде көп тыңдалып жүрген әндердің бір бөлігі ғана. Тойда Заттыбектің "Ақмаржаны" мен Ақылбектің "Қызыл өрігінің" орнын бүгінде "Аспанға қараймын" мен "Мария Магдалена" деген әндер басқан.

Бұл әнмен Асхат қазір жарты Қазақстанды шыр айналып жүр. Ставкасы да қомақты. Естуімізше әнші 2000 доллардан кем тойға шықпайды екен.

Алайда, халық сұраған әнді өз ісінің нағыз мамандары жақтырмайтын болып шықты. Өнер әлемінде өз орны бар әнші Саят Медеуов бұл әнді мүлдем түсінбепті.

Осылайша Асхат мырза тойда бағын ашқан әнді барынша қорғап қалуға тырысты. Алайда, жалғыз Асхат емес, қазіргі өзге де кейбір әншілер халыққа дұрыс ән ұсыну үшін емес, тез танылып ақша табу үшін ән жаздыратынына налитынын айтады Саят Медеуов.

Сазгер Ұлықпан Жолдасов та әншілердің мағынасыз сөздерден тұратын, сапасыз әндерді орындауының бір-ақ себебі бар дейді.

Әншілердің ең үлкен қатесі әнді тойға, сахнаға деп бөлуі дейді Саят Медеуов. Кезінде дүркіреген "Қызыл өрік" те тек тойға деп шығарылып, кейін сахнаға шығып кеткені ел есінде.

Айта кету керек, Асхат Тарғыновтың репертурында мағыналы әндер де бар. Бірақ, мағыналы әндері емес, халыққа "Мария" керек болып тұрғанына Асхат та кінәлі емес сияқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/327983-mariya-magdalena-eninin-oryndaushysy-gonararyn-zhariyalady-video.html