RU

Шымкентте ащы суға сылқия тойып алған қыздар бет тырнасты

Шымкентте қыздар тағы сөзге келіп, төбелесіп қалды, деп хабарлайды Bnews.kz. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, оқиға республика көшесінің бойындағы дәмханалардың бірінде орын алған.

Ащы суға сылқия тойып алған бойжеткендер біріне-бірі ауыр сөз айтып, жағаласып қалған. Соңында төбелесіп, бет тырнасқан.

"Оқиға орнына жетіп келген екі жол-көлік патрульдік полициясы қосымша көмек шақыруға мәжбүр болды", − дейді тәртіп сақшылары.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Күншығыс мөлтек ауданындағы дәмханалардың бірінде де қыздар төбелесіп, шаш жұлысқан еді.

Екі тарап та өздерін жәбірленуші ретінде көрсетіп, арызданған болатын. Бұл оқиғалар бойынша бүгінде тергеу-анықтау амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/328404-shymkentte-ashhy-suga-sylkiya-tojyp-algan-kyzdar-bet-tyrnasty.html