Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астананың ең жас батыр анасы 10-шы сәбиін дүниеге әкелді (видео)

Опубликовано:

Астананың ең жас батыр анасы 10-шы сәбиін аман-есен дүниеге әкелді. Бар-жоғы 37 жасында 9 перзент сүйіп, әже атанып үлгерген Ұлданай Әлімбаева перзентханадан шықты.

Алтын алқалы жас ананы құттықтап, перзентханадан шығарып алуға жұбайы мен 9 баласы түгел келді. Тіпті, жас босанған 37 жастағы әженің жиен немересі де осында.

Айы-күні жетіп отырса да, осыдан төрт күн бұрын сұхбат берген Ұлданай дүниеге Жангелді есімді шекесі торсықтай ұл әкелді.

Батыр болсын деп есімін ырымдап қойған нәрестенің салмағы 4 келі 700 грамм, бойы 58 сантиметр. Дәрігерлер ананың да, нәрестенің де денсаулығы өте жақсы дейді.

Ең қызығы, тоғыз құрсақ көтерген Ұлдана перзентханаға босануға жедел жәрдеммен емес, өзі рөлге отырып көлігімен келіпті.

Аяқ-қолын бауырына аман-есен алған келіншек, дәрігерлердің қарауында тек бір күн ғана жатты. Ал Жангелдіні қырқынан шығарған соң, жұмысқа кірісемін деп жоспарлап отыр.

"Таңертең жұмысқа бардым, толғағым басталғасын өзім көлігіме отырып, осында келдім. Қасымда міне перзенттерім тұр. Осы балалардың қатарына тағы бір періштем қосылды. Аллаға шүкір қуаныштымын", - дейді "Алтын алқалы" ана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/328757-astananyn-en-zhas-batyr-anasy-10-shy-sebiin-dyniege-ekeldi-video/

pixel