RU

Қайрат Нұртасты салатын пародист ғаламтор жұлдызына айналды (видео)

Атыраулық студент танымал әнші Қайрат Нұртасқа пародия жасап, туған қаласы мен Қазнетте жұлдызға айналды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қадірбек Нәзіров PSY-дың әніне клип түсіріп, танымалдылығы арта түсті. Аталмыш әнге пародия ретінде түсірілген бейнебаян интернет қолданушылар үлкен сұранысқа ие болды.

Қалдырылған пікірлер арасында "Түпнұсқаға қарағанда көңілді әрі шынайы шыққан, жарайсың Қадірбек!" деген тілектердің саны көп болды.

Осыдан екі-үш ай бұрын "Хабар" арнасына сұхбат берген Қайрат Нұртастың өзіне аталған пародия көрсетілген болатын. Әнші жоғары бағасын берді. Тек: "Шамалы қыздарға ұқсайды, майысып билейді", - екен деді.

Қадірбек тек PSY-ға ғана емес Майкл Джексонның биін де өз шығармашылығына қосқан. Соңғы уақытта тек Қайрат Нұртастың билеріне пародия жасап жүр. Сол биін ұнатқан батыс халқы Қадірбекті тойға, өз қуаныштарына шақыру үшін кезекке тұрады екен. 

Өнер адамдарына пародия жасау арқылы қарапайым студент бүгінде үлкен сахнаны бағындырып жүрген ағаларымен дастархандас болып жүр. Облыстардағы сондай концерттік жиындарда үлкен кісілер мен балалар Қадірбекті Қайратпен шатастырады екен.

Бізге берген сұхбатында Қадірбек "Тойларда ортаға шығарар алдында пародист деп айтады, сонда да апалар мен жас балалар суретке түсіп, қолтаңба сұрап әуреге салады. Өзім ұялып кетемін. Айтып тұрсам аңғармайма, ештеңеге қарамай сүйрей кетеді", - дейді.

Қадірбектің алдағы жоспары, Қайрат Нұртастың биімен әніне жастардың көңілінен шығарлықтай етіп бейнебаян түсіру. Экономист мамандығы бойынша білім алып жүрген студент өзінің аяқасты танымал әрі сұраныстағы өнер адамына айналып кеткенін қуана әрі таңқала айтады.

Себебі ол пародия жасап бастаған алғашқы жылдарда мұны жоспарлаған жоқ еді. Жай ғана жастар арасындағы отырыстарды көңілдірек өткізу үшін пародия өнеріне ден қойған-ды.

Студенттің айтуынша, алғашқы бейнебаянын ол бір тиын да жұмсамай түсірсе, екінші бейнебаянын 300 мың теңгеге түсіріпті. Барлық қаражатты студент той-домалақтардан өзі тапқанын мақтанышпен айтады. 

Бұған дейін NUR.KZ атыраулық Қадірбек Нәзіровтің әйгілі корей рэпері PSY-дың әніне пародия түсіргенін хабарлаған болатын.

Gentleman деп аталатын әннің көшірме бейнебаянының түсіріліміне жергілікті музыканттар мен Махамбет Өтемісов атындағы драма театрының актерлері бар, барлығы 28 адам қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/328935-kajrat-nyrtasty-salatyn-parodist-galamtor-zhyldyzyna-ajnaldy-video.html