RU

Елімізде 277 мың оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды

1 қыркүйекте Қазақстанда Білім күні аталып өтуде. Бүгін мектеп парталарына 2,6 млн-нан астам оқушы отырады. Олардың 277 мыңы мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды, деп хабарлайды BNews.kz.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, оқу жылының басында Қазақстанда 76 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.

"Алдағы 2014/2015 оқу жылында бұған қосымша 153 жаңа мектеп іске қосылады. Олардың жартысы – 73 мектеп республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Осы 153 мектептің 60-сы апатты жағдайдағы мектептердің орына, 12-сі үш ауысымды мектептердің орнына салынады", - деді жаңа оқу жылы қарсаңында өткен ОКҚ брифингінде білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/329268-elimizde-277-myn-okushy-mektep-tabaldyrygyn-algash-ret-attajdy.html