RU

Ақмола облысында "ұйқы ауруының" жаңа фактілері тіркелді

Ақмола облысы Есіл ауданы Калачи ауылында белгісіз энцефалопатия - халық арасында "ұйқы ауруы" деп тараған дерт тіркелген деп хабарлады 24.kz.

Есіл аудандық ауруханасының бас дәрігері Қабдірашит Әлмағамбетов хабарлағандай, 28 тамызда бір күннің ішінде 17 пен 70 жас аралығындағы 6 адам ауруханаға түскен. Үшеуі қайта дертке шалдыққан.  Дәрігердің сөзіне қарағанда, белгілері сондай - 14 сағаттық ұйқы, есте сақтау қабілеті төмендеген, елестеушілік байқалған. Дерттің белгілері жауын мен желден кейін пайда болған. Себебі қандай екені әзірге белгісіз. Тексерулер нәтижесіз болды. Бүгінде барлық науқастар аудандық аурухананың  терапевтік бөлімінде жатыр, жағдайлары тұрақталып келеді."Ұйқы ауруының" соңғы жағдайы 1 мамырда тіркелген. Ол кезде 45 науқас болған. Енді бұл сан 61-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/329273-akmola-oblysynda-yjky-auruynyn-zhana-faktileri-tirkeldi.html