Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент оқушыларға болашақ мамандық таңдауға қатысты кеңес берді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев оқушыларға елдің 2050 жылға дейінгі дамуының негізгі басымдықтары туралы әңгімеледі, сондай-ақ болашақ мамандық таңдауға қатысты кеңестерін айтты.

"Стратегияда Қазақстанның алдағы дамуының бағыт-бағдары жазылған. Біз дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылғымыз келеді. Дамудың бір бөлшегі болу үшін мамандықты дұрыс таңдау маңызды. Жас кезіңде бәріне үлгергің келеді, бірақ оған уақыт жете бермейді. Сондықтан бір кәсіпке тоқталып, бүге-шігесіне дейін зерттеген жөн, соның арқасында жетістікке жететін боласыздар. Мұны білген маңызды, кәсіби мамандарды кез келген ұжымда құрметтейді және тыңдайды", - деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев мектеп мұғалімдерімен де әңгімелесіп, олардың қызметінің маңыздылығын атап өтті."Балалардың сапалы даярлығы үшін үнемі жұмыс істеп, олардың әлеуетін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайдың бәрін жасау керек. Олар халықаралық олимпиадаларда жеңуге тиіс. Өзгелерге үлгі болатын жоғары білімді, үйлесімді дамыған тұлғаларды өсіру керек.  Олардың әрі қарай білім алуы үшін Астанада жаңа университет салынып, жұмыс істеп жатыр. Соның арқасында қазір жоғары санатты білім алу үшін шетелге шығудың қажеттілігі жоқ. Осы университетке қарап өзгелері де бой түзеуі тиіс", - деді Мемлекет басшысы.БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қазақстан Президенті баршаны білім күнімен құттықтап, оқушыларға, ата-аналар мен мұғалімдерге мықты денсаулық және табыс тіледі."Елімізде шамамен 8 мыңға жуық мектеп есігін ашып, 2,6 миллион бала оқуын бастайды. Оқушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда 70 мыңға ұлғайды. Бұл күні бүкіл еліміз бойынша жаңадан 63 мектеп іске қосылды. Жалпы, тәуелсіздік жылдарында елімізде мыңдаған мектеп салынды, бұл өскелең ұрпаққа деген қамқорлықты білдіреді", - деді Мемлекет басшысы.  Қазақстан президенті республикада 300 мың мұғалім жұмыс істейтінін, соның 11 мыңнан астамы елордалық мектептерде сабақ беретінін атап өтті."Қазақстанның болашағы мұғалімдердің қолында. Балаларды патриоттық пен толеранттылық рухында тәрбиелеу керек. Олар достыққа адал болып, ата-ана мен үлкендерді құрметтеуі тиіс. Осының бәрі біздің қоғамның ешқашан мәнін жоғалтпайтын құндылықтары, біз оны балаларымызға мирас етуіміз керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/329320-prezident-okushylarga-bolashak-mamandyk-tandauga-katysty-kenes-berdi/

pixel