RU

Өмірияев аса ірі көлемде пара алғанын жоққа шығарды

АШМ экс-вице-министрі Мүслім Өмірияев аса ірі көлемде пара алғанын жоққа шығарды. Бұл туралы ол бүгін Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатқан сот отырысында мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Жоқ, кінәмді мойындамаймын. Кінәмді толығымен мойындамаймын", - деп жауап берді М.Өмірияев судьяның мемлекеттік айыптаушы тағып отырған кінәсін мойындайтындығы туралы қойған сұрағына.

Өмірияевке ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлігі (аса ірі көлемде пара алу) бойынша айып тағылып отыр. Кінәсі дәлелденген жағдайда экс-вице-министр мүлкін тәркілеу арқылы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өз кезегінде мемлекеттік айыптаушы Қыздығой Ергешбаева М.Өмірияев бопсалау арқылы 6 млн 950 мың теңге көлеміндегі берілетін параның бір бөлігі мен аусылға қарсы вакцина сатып алу конкурсында жеңіске жетуде көмек көрсеткені үшін 100 мың доллар көлемінде пара алғанын сотта мәлім етті."2013 жылы 21 қарашада Макаренко мен оның компаниясына қамқорлық жасағаны үшін берілетін параның 6 млн 950 мың теңгеге тең бөлігін бопсалау арқылы алған. 2013 жылдың желтоқсанында жеке басының пайдасын ойлаған ол аса ірі көлемде пара бопсалау әрекетін жалғастыра отырып, Макаренкодан 100 мың долларға тең параның келесі бөлігін талап етіп, сондай-ақ таза табысының жартысын бөлісу келісімін алады. 2013 жылдың 19 желтоқсанында Алматы қаласында Макаренко Актимонов арқылы 100 мың доллар көлеміндегі параны Өмірияевке жібереді. 21 желтоқсанда Өмірияев Актимоновтың семінді адамы арқылы 100 мың долларға тең параны өз пәтерінде отырып алды", - деді Қыздығой Ергешбаева.Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, АШМ экс-вице-министрі М.Өмірияев жауапты мемлекеттік қызметті атқара отырып, аса ірі көлемде пара алған және сол арқылы ҚР ҚК 331-бабының 5-бөлігінде қарастырылған қылмысқа барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/329436-omiriyaev-asa-iri-kolemde-para-alganyn-zhokka-shygardy.html