RU

Еркін Нұржановтың тыңдармандары әншінің екінші рет үйленуін сынға алды (фото)

Әнші Еркін Нұржанов қыркүйектің екісі күні шаңырақ көтерген тойын атап өтті. Бұл туралы әншінің өзі және тойға шақырылған жұлдыздар әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды. 

Қазірге Нұржановтар әулетіне түскен келіннің есімі Динара екені ғана белгілі болып отыр. Ал Еркін Нұржановтың телефоны бүгін сөндірулі.

Айта кету керек, Еркін Нұржановтың шаңырақ көтеруіне орай көпшілік бұрынғы әйелі Аякөздің қайда екенін білгісі келеді. Одан бөлек, "Еркіннің бұрынғы әйелі жол көлік апатынан қайтыс болыпты. Қасында Еркіннің досы болған екен. Енді Еркін әйелімен бірге қайтыс болған досының келіншегіне үйленіп жатыр екен" деген сынды әңгіме желдей есіп жүр.

Әрине, мұндай әңгімелердің рас-өтірігін халық білгісі келеді. Алдағы уақытта әншінің өзімен хабарласып осы сұрақтардың жауабын жариялайтын боламыз.

Суреттер әншінің Инстаграм парақшасынан алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/329580-erkin-nyrzhanovtyn-tyndarmandary-enshinin-ekinshi-ret-yjlenuin-synga-aldy-foto.html