RU

Айтыскер ақын ғаламторды жантүршігерлік роликпен шошытты

Кеше айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева instagram әлеуметтік желісіне жасанды түсік арқылы баласын түсіріп, өлі сәбидің денесін бауырына басып өкініп жатқан ананың суретін шығарды. Көз қаратпас, жантүршігерлік бұл жағдай ғаламтор қолданушыларын шошындырды.

Бұл туралы Kazaitys.kz сайты жазады.

"Мынау нәресте денесі, мынау басы, кішкентай қолын аузына апарады. Сәбидің көзін, аузын, мұрнын танып қана қоймай, тіпті кішкене басы миға толғанын да байқайсың. Кішкентай аяқтары да бар, жүрегі минутына 140 рет соғады. Қозғалысы қалыпты. Кенеттен экранда қорқынышты көлеңке пайда болды. Бұл – вакуум-кюретка. Шарананы өлтіріп, ауа қысымымен сорып алатын электронасостың шлангісінің басына тағылған өткір ұштық. Нәресте бөтен заттан – өзіне келер қауіпті сезгендей беймаза халге түсіп, көз ілеспес жылдамдықпен қозғалады. Вакуумұштық нәрестеге ажал қанжарындай жақындап қалғанда "үнсіз" жан ұшыра шырылдаған періште, аузын ашып, айқайлап, "Анашым, мені қалай өлтіресіз?", – дегендей біресе солға, біресе оңға қарай бұлқынып, бар күшін салып жылжиды. Енді кішкентай жүрегі минутына 200 рет соғып дүрсілдеп жатыр. Періштені қоршап, жайлы жағдай жасап тұрған құрсақтағы су пердесін "қанішердің" қанжары жарып өтті. Өткір ұштық нәресте денесіне кірш ете кірді де, боршалап, бөлшектеп, жатырдан сорып жатыр…", - делінген суреттің астында.Шамасы ақын қыз дүниенің жарығын көрмей, қанішер анасының жауыздығынан шетінеп құрбан болған баланың бейнесімен осындай жауапсыз шараларға бармауды шақырған болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/329650-ajtysker-akyn-galamtordy-zhantyrshigerlik-rolikpen-shoshytty.html