Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүкіл Жер бетіндегі көлдердің нақты саны анықталды

Опубликовано:

Швеция және Эстония ғалымдары бірлесе отырып, алғаш рет жер бетіндегі көлдердің санын есептеп шықты деп жазады Қазақпарат.

Зерттеушілердің есебі бойынша, ғаламшарымызда 117 миллионға жуық көл бар, ол жер бетінің шамамен 4 пайызын алады екен.

Айта кету керек, Гренландия мен Антрактиданың мұзды көлдері зерттеуде есепке алынбаған.

"Көл жағалауларының жалпы ұзындығы экватор ұзындығынан 250 есе көп. Бұл сан бұған дейінгі жасалған есептен басқа", - дейді зерттеушілер.Мамандардың айтуынша, спутник арқылы жүргізілген зерттеу барысында тұман, тау көлеңкесі секілді көлмен шатастырып алуға болатын орындар су бетін ажырату бағдарламасына қиынға соққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/329830-bykil-zher-betindegi-kolderdin-nakty-sany-anyktaldy/

pixel