RU

Қазақстанда баламасы жоқ суперкомпьютер жасалды

Қазақ ғылымында тосын жаңалық! Қазақ ұлттық техникалық университетіндегі елдегі әзірге, баламасы жоқ суперкомпьютерде мемлекеттік мәтіндерді танып-білудің оптикалық жүйесі жасалды.

Сондай-ақ, қарапайым компьютер 200 жылдап есептейтін бағдарламаны, екі-ақ жылда игеретін заманауи құрылғының қуаттылығы күшейтілді.

Жоғары деңгейдегі компьютерлік өнімділікпен жаңартылған Есептеуіш кластерінде енді кез-келген ғылыми қызметкер жұмыс істей алады.

Яғни еліміздің ғылыми - зерттеу ұйымдары Суперкомпьютерді қолдана отырып, зертхана базасында зерттеулер жүргізе алады деген сөз.

Ал, қазір қуаты күшті заманауи компьютерде мемлекеттік мәтіндегі Солтүстік Каспийдің экожүйесіне техногенді апаттардың келеңсіз әсерлерінің есептеулері жасалуда.

"Жылдамдығын көбейттік. қазір біз сегіз есе көбейттік. Бұрын 10 Tflops болса, қазір 80-ге көтерілді. Сондықтан бір ғылыми жолдары бар, жоғары есептеуіш кластері", -  дейді идея авторлары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/330298-kazakstanda-balamasy-zhok-superkompyuter-zhasaldy.html