Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойда отшашу жасамақ болған күйеу жолдас 10 тәулікке қамалды

Опубликовано:

Алматыда үйлену тойы атысқа ұласты. Жас жұбайларды құттықтауға келген қонақтардың бірі қатты қуанғаны соншалық, кәдімгі тапаншадан жан-жағына оқ жаудырған.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. Кілең қымбат шетелдік көліктерді тізгіндеген жастар осылайша көңіл көтермек болыпты. Абырой болғанда, атылған оқ адамдарға тимеген.

Ал тапаншадан жеті рет оқ жаудырып, ел-жұрттың зәресін ұшырған күйеу жолдас тойдың ертесіне-ақ тұтқындалды. Әлі мастығы тарай қоймаған ол қаруды қуанышы қойнына сыймай атқанын жеткізді.

Тапаншадан оқ жаудырып есірген күйеу жолдасқа енді бір жыл бойы той-томалақтарға баруға тыйым салынбақ.

"Өзімше отшашу жасамақ болдым. Кінәмді мойындаймын",-дейді Вячеслав Дионисяди.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/330478-tojda-otshashu-zhasamak-bolgan-kyjeu-zholdas-10-teulikke-kamaldy/

pixel