Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Apple iPhone-ның қос жаңа үлгісін таныстырды (видео)

Опубликовано:

Калифорниялық Купертинода Apple диагоналі үлкен екі iPhone телефоны мен Watch "ақылды" сағатын таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz cnews.ru-ға сілтеме жасап.

iPhone 6 дисплейінің рұқсаты 1334 x 750 пиксель, бұл дегеніңіз HD (720p) рұқсатына сәйкес деген сөз. iPhone 6 Plus экранының рұқсаты – 1920 x 1080 пиксель немесе Full HD (1080p).

iPhone 6-ның қалыңдығы 6,9 мм-ге тең, iPhone 6 Plus — 7,1 мм. Екеуіне де жаңа Retina Display HD дисплейі орнатылған. Қуаттандыру тетігі жоғары жағынан оң жақ бүйіріне ауыстырылыпты. Ал дыбыс басқару пернелері, бұрынғысынша, сол жағында.

iPhone 6-ның автономды жұмыс істеу ұзақтығы 3G желісінде сөйлесу режимінде 14 сағатты құрайды. Видео көру режимінде – 11 сағат. Ал қоңырау күту режимінде 10 тәулік жұмыс істеп тұра береді. Phone 6 Plus-те бұл көрсеткіштер, сәйкесінше, 24 сағат, 14 сағат және 16 тәулікке тең.

АҚШ-та 16 Гб жады бар iPhone 6-ның субсидияланған құны (оператормен екі жылдық келісімшарт жасау шартымен) 199 долларды құрайды. Ал құрылғының 64 және 128 Гб жады бар үлгілері, сәйкесінше, $299 және $399 құрамақ. iPhone 6 Plus-тің осы үлгідегі құралдарының бағасы, сәйкесінше, 299 доллар, 399 доллар және 499 доллар төңірегінде болады.

Сонымен қатар Apple iPhone 5s-тің субсидияланған бағасын 199 доллардан 99-ға төмендетіп, iPhone 5c-ні тегін етіп отыр.

Алғашқы топтағы телефондар сатылымға осы жылдың 14 қыркүйегінде түседі деп жоспарлануда. Ал жыл аяғына қарай жаңа смартфондар 115 мемлекетке таратылады деп уәде етуде Apple өндірушілері.

iPhone 6-ның алғашқы партиясы Қазақстанға осы жылы қазан айының соңында немесе қарашаның басында жетеді деген болжам бар.

"iPhone 6 телефондарын Қазақстанға қазанның басы немесе қарашаның соңында әкеледі. Әлі нақты мәліметтер жоқ, бірақ болжам осы төңіректе болып отыр", - деді Қазақстандағы Apple компаниясы ресми дистрибьюторының сатушы-консультанты Дмитрий Шмелев. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/330737-apple-iphone-nyn-kos-zhana-ylgisin-tanystyrdy-video/

pixel