RU

Қызылқұмдағы кішкентай өзеннің су асты әлемі (фото)

Қызылорда облысының аумағындағы тыныш әрі кішкентай Майлыөзек каналы туралы жергілікті халықтан өзге көп ешкім біле бермейді.

Тұп-тұнық өзен астындағы өсімдіктер көздің жауын алса, судағы тіршілік иелерінің әдемілігі де көз тартады. Myprofession.kz сайты аталған өзенге саяхатқа барып қайтқан болатын.

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылындағы Майлыөзек өзен-каналына жолға шықтық. Су асты саяхаты күтіп тұрғанда күннің ыстығы да, жолдың қиындығы да сезілмейді. Мына көрініске қарап, су астында талай кереметтің жатқанын мүлде байқамайсыз да...

Су астындағы саяхат басталды!

Су астындағы өсімдіктер күн сәулесімен нұрланып тұр. 

Мұндай керемет көріністі күнде көре бермейсіз. Ал балықшылардың бұл өзенді неге жақсы көретінін енді түсінуге болады.

Мына бір сазан өзіне жем аулаймын деп фотографтың торына түсіп қалды.

Судағы балықтардың бұл көрінісіне таңданып қарай беруге болады.

Ағыс бірге жапырақтар да ырғалып, қозғала жөнелді...

Ал мына жапыраққа судан бөлек, күн сәулесі де қуат беріп тұр.

Табиғатың бұл көрінісін сипаттауға тіл жетпейді.

Қызылқұмда ағып жатқан кішкентай ғана өзенді мұндай әдемі деп кім ойлаған?!

Мінеки, фотограф та олжасыз емес.

Суреттердің авторы: Эдуард Власов

Мұндай кереметтерді теледидардан ғана емес, өзімізің өзендерімізден де көруге болатынына енді көз жетті.

Myprofession.kz сайты суреттерді kzvesti.kz сайтынан алды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/330759-kyzylkymdagy-kishkentaj-ozennin-su-asty-elemi-foto.html