Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келініне "күн көрсетпеген" енеге ескерту жасалды

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында келінін қорлаған енеге ескерту жасалды.

Отырар аудандық соты баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына қарағанда, сот келінін сыйламай, қорлаған енені әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

"Отырар аудандық сотымен құқық бұзушыға қатысы Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар заңнамасы  79-5-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды", − дейді баспасөз қызметі.

Сотта Отырар ауданы, Мыңшұқыр аулының тұрғыны өз үйінде келінін сыйламай, қорлағаны анықталған.

"Құқық бұзушының егде жасын, бұрын құқық бұзушылық жасамағанын ескеріп, сот оған ескерту жасады. Сот қаулысы заңды күшіне енді", - делінген Отырар аудандық соты баспасөз қызметінің баспасөз парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/330760-kelinine-kyn-korsetpegen-enege-eskertu-zhasaldy/

pixel