RU

Халық гидроцефалия дертіне шалдыққан бүлдіршінге Қытайда емделуі үшін қаржы жинап берді

Астаналық Айдана есімді бүлдіршін Қытайда емделетін болды деп хабарлайды 24.kz. Гидроцефалия дертіне шалдыққан баланың ми сұйықтығының мөлшерден тыс жиналуынан басының көлемі ұлғайып кеткен.

Айта кетейік, бұдан бір апта бұрын оның операциясына қаржы қажеттігін айтып, анасының халықтан көмек сұраған болатын. Журналистер материалынан кейін Қытайда жасалатын операцияға қажетті сома толығымен жиналып, тілекшілер жан-жақтан қолдау көрсете бастаған.

Айдананың анасы қайырымды жандарға алғыс айтады.

"Теледидардан материал шыға салысымен, телефонда маза болмады. Жан-жақтан хабарласып, қандай көмек қажеттігін сұрағандар да болды. Тіпті, әжелер телефон шалып, ақ батасын берді. Өзім мұндайды күтпегенмін. Бір апта ішінде операцияға қажетті қаражат жиналып үлгерді. Қайырымды жандардың барына қуандым. Қытайға билет алып қойдық, қазір дайындалып жатырмыз. Алғысым шексіз", - дейді Айдананың анасы Евгения Қажығалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/331226-halyk-gidroczefaliya-dertine-shaldykkan-byldirshinge-kytajda-emdelui-yshin-karzhy-zhinap-berdi.html