Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлықпан Жолдасов дүркіретіп 600 адамға той жасады (видео)

Опубликовано:

Ұлықпан Жолдасов құда атанды. Кеше ұлын үйлендірген танымал сазгер шаңырағына келін түсіріп, қуанышқа кенеліп отыр. 600 адамға жасалған дүбірлі тойға шоу-бизнес өкілдерінің шамамен 80 пайызы келді.

Жолдасовтар отбасында ұлан асыр той. 600 ден аса адамға дүркіретіп той жасаған танымал сазгер Ұлықпан Жолдасов пен жары Айған ханым құда-құдағи атанды. Жалғыз ұлы Болат Дана есімді келін түсірді. Талай әншіге ән жазған Ұлықпанның ақ келінінің бетін Рамазан Стамғазиев ашты.

Беташарды сырттан бақылап, қобалжып тұрған күйеужігіт мыңдаған қыздың арасынан Дананы таңдап алуының себебін айтты.

Сонымен маңғыстаулық Ұлықпан Жолдасов қарағандылықтармен құда болды. Үнемі қалжыңдасып жүретін Ұлықпан Жолдасов қандай қайын ата болар екен? Ұлықпанның қандай қайын ата боларын оның әріптестері де айта алмады. Сәкен Майғазиев тіпті елестете алмаймын деп күлді.

Жомарт азаматтың тойында ине шаншар жер болмады. Құдды бір концертке ұласқан тойда қазақ эстрадасының қаймақтары әннен шашу шашты.

Биыл отау құрып, отбасы атанған жұлдыздар көп. Жыл басында Жігіттер квартетінің әншісі Мырзахан қолына бақ құсын қондырған еді.

Одан соң Мадина Садуақасова биылғы жылдың ақпан айында тұрмысқа шығып, көпті қуантқан болатын. Оның жүрегін режиссер Олжас есімді жігіт баурап алған еді. Бүгінде жас отбасының Әнуар есімді ұлы бар. Ал, бұл сұлу ару әнші Талғат Жорабаевтың миллион қыздың арасынан таңдап алған қалыңдығы. Талғат әпкесі Алтынай Жорабаева мен оның отбасына қарағандылық Аяулым есімді қызды келін қылып әкелді. Жорабаевтар отбасы тамыз айында дүркіретіп той жасаған болатын. Қазір жас жұбайлар Түркия елінде бал айларын өткізуде.

Ал, иіліп сәлем салып тұрған бұл қалыңдық цирк актері Мұрат Мұтырғановтың жары. Бұл жұп та жақында ғана некелерін қиған еді.Мұраттың таңдауы Алеся Тимошенко есімді мына аруға түскен. Бірге жұмыс істеп қана жүрген Мұрат пен Алеся ақырында бір-біріне ғашық болып қалыпты.Сондай-ақ әнші Еркін Нұржанов биыл қайта үйленді. Бірінші отбасымен некесі сәтсіз аяқталған әнші Динара есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерді. Той Шымкент қаласында өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/331274-ylykpan-zholdasov-dyrkiretip-600-adamga-toj-zhasady-video/

pixel