Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Еспанов жасырып жүрген отбасын таныстырды (фото)

Опубликовано:

Әнші әрі сазгер қалаберді тележүргізуші Нұрлан Еспанов осыған дейін өз тыңдармандарына отбасын көрсетпей жүретін. Өнердегі әріптестері танымал әншінің тамаша ұл-қыздары мен сұлу жары барын ғана жарыса айтып жүрді.

Тыңдармандары қызығып қоймай қойған соң ба, Нұрлан Еспанов бірнеше күн бұрын өзінің инстапарақшасына жары Жанардың суретін салған болатын.

Артынша, екі қызы мен ұлын да көрсетуге шешім қабылдаса керек. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасын мына суретті жариялады.

Онда Еспанов балаларын жеке-жеке таныстырып шыққан.

Естеріңізде болса, бұған дейін әншінің бой жетіп отырған сұлу да сымбатты қызы бар екені бірнеше жерде айтылған болатын.

Журналистер "Қыз алып қашу" тақырыбы бойынша әңгіме өрбіткен кезде, Еспановқа "Қызыңызды алып қашса қайтесіз?" деген сауал қойған болатын. Өз кезегінде әнші "Қызым қалап тұрса, тағдырдың жазғанына көнемін" деген еді.

Нұрлан Еспановтың өзі көрсетпей жүрген қызы осы Айгерім есімді бойжеткен болса керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/331374-nyrlan-espanov-zhasyryp-zhyrgen-otbasyn-tanystyrdy-foto/

pixel