Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Мамытбеков жас кезінде қалай шарап жасағанын айтып берді

Опубликовано:

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков әлеуметтік желілерде шарап дайындау әдісімен оқырмандарымен бөлісті.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

1989 жылы әскерден оралған соң ол өз үйінде жүзім алқабының жақсы өскенін байқайды. Ал туыстары мен көрші-қолаңға жүзім таратудан келіп кетер пайда жоқ еді. Себебі, олар да жүзімге бай.

Сол кезде Валя есімді көрші тәтей болашақ министрге шарап жасау туралы ұсыныс жасайды.

Піскен жүзімнің босқа ысырап болмауын қалаған болашақ министр осыдан соң шарап жасауға шындап кіріседі.

"Әрине, бұл оңай болған жоқ. Көршімнің айтқан кеңестеріне сай, қосымша ретінде кітап та сатып алдым. Содан соң, шарап жасау процесі басталды. Жүзімді бөліп-бөліп жинай бастадық. Жүзімді өңдеу барысында жемістің жұмсақ жерін балақты түріп тастап, інілеріммен бірге аяқпен таптауға да тура келді. Бұл үй жағдайында жүзімді умаждаудың бірден-бір жолы болатын", - деп еске алады министр.

Болашақ шенеунік өңдеуден қалған жүзім езбесін қоқысқа лақтыруға бел байлайды. Бірақ бұл жолы да көрші Валя тәтей көмекке келіп, жүзім қалдығынан самогон жасауға болатынын айтады.

Осылайша арнайы құрылғы болмаса да, Асылжан Мамытбеков қолдан шарап әрі самогон дайындап шығарады.

Шамамен, 100 литрдей шарап өндіріп, оны өздері ішіп қана қоймай, туыстары мен достарына да сыйға тартқанын жазады министр.

Сөз соңында министр мемлекеттік қызметке келген соң, шетелдегі сапарлардың бірінде гаппа атты ішімдік түрін ішіп көріп, аталған ішімдіктің кезінде өзі дайындаған шараппен дәмі бірдей екеніне көз жеткізгенін жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/331649-ministr-mamytbekov-zhas-kezinde-kalaj-sharap-zhasaganyn-ajtyp-berdi/

pixel