RU

Ақтөбе облысында тамақтан уланған жұмысшылар саны бейресми дерек бойынша 100-ге жетті

Ақтөбе облысындағы Жаңажол вахталық кентінде жұмысшылардың жаппай ұшынуына вирус жұқтырған аспаз себеп болуы мүмкін.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тамақ дайындау кезінде асхана қызметкерлері ас әзірлеу ережелерін бұзған. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде осындай болжам айтылуда.

Нақты мәліметтер бірнеше күннен кейін жария етілмек. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Ресми мәліметтер бойынша 17 адам уланған. Бейресми дереккөздердің айтуынша жүзге жуықтайды.

Бесеуі облыстық инфекциялық ауруханада емделіп жатыр. Басқалары Мұғалжар аудандық ауруханасында. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары қалыпты.

Облыстық клиникалық инфекциялық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Мұрзағалиева: "Түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, бас ауруы, іштің жиі жие өтуі болған. Түскендегіге қарағанда жағдайлары қалыпты, бірақ нашарлаусыз емдерін жалғастыруда",- дейді. 

Жұмысшылар "АқтөбеМұнайГаз" Акционерлік қоғамның асханасында ұшынған болуы мүмкін. Алайда әзірге қандай да бір себебі айтылмай отыр. Бәрі комиссияның жұмыс қорытындысынан кейін белгілі болады.

Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Ресми мәліметтер бойынша 17 адам уланған. Бейресми дереккөздердің айтуынша жүзге жуықтайды.

Су мен азық-түлік сынамалары алынған. Асхана жұмысшыларынан да анализ алынған. Өйткені жорамал бойынша вирустар мен бактериялар солардан тарауы мүмкін деген болжам бар.

"Тамақ, асханадағы су, және сонда істейтін аспаздар арасынан 9 адам тексерілді. Нәтижиелері  зерттеулерден кейін белгілі болады" - дейді  облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Сынамалардың нәтижесі жұмада жария етілмек. Егер ауру қоздырғыштары табылса материал сотқа жолданбақ. Асхананы уақытша жауып, жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қолданылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/331774-aktobe-oblysynda-tamaktan-ulangan-zhymysshylar-sany-bejresmi-derek-bojynsha-100-ge-zhetti.html