RU

Австралияда алтын балықтың миына ота жасалды

Австралияда күрделі операцияны бастан кешкен алтын балық өз-өзіне келуде, деп жазады шетелдік БАҚ.

Ота барысында балықтың миынан оның өміріне қауіп төндірген ісік сылынып алынған. Мәліметтер бойынша, оның иесі медициналық қызмет үшін 200 Австралия долларын төлеген екен.

Отаны жасаған дәрігер Доктор Тристан Рич алтын балық - Джордж (оның есімі) есін жиып, қазіргі сәтте аквариумға жіберілгенін айтқан.

10 жасар балық аман-есен жазылып кетсе әлі 20 жыл жасайды, дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/331807-avstraliyada-altyn-balyktyn-miyna-ota-zhasaldy.html