RU

Қытайдағы тайфун аймағында қалып қойған қазақстандық отбасы құтқарылды

Хайнань (Оңтүстік Қытай) курорттық провинциясындағы "Калмеджи" тайфун апаты аймағында Астанадан келген қазақстандық Ысқақовтар отбасы бар болып шықты.

Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлайды.

Төрт қазақстандық дауыл Хайвань аралына жеткен кезде Хайкоу қаласының әкімшілік орталығына жақын жерде болған.

"Біз тоқтаған қонақүйді толықтай су басып кетті, қирап жатыр. Қазақстандық дипломаттардың уақтылы көмегінің арқасында отбасымыз қауіпсіз жерге көшірілді, басқа қонақүйден орын берді", - дейді апатты аймақта қалып қойған Назым Ысқақова.

Ысқақова аралдан әуе қатынасы ашылған бойда  бірден Қазақстанға қайта оралатындарын айтты.

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінде ел азаматтарына көмек көрсету үшін "жедел желі" ашылды. Қайтыс болған немесе зардап шеккен отандастарымыз туралы деректер әзірге түскен жоқ.

"Калмэджи" тайфуны өткен сейсенбіде Хайнань курорттық аймағын қиратты. Ағымдағы жылы Қытайда мұндай жойқын нөсерлі дауыл 15-ші рет орын алуда. Аралдан 20 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Тайфун салдарынан Қытайда ең жоғары қауіп деңгейі (қызыл деңгей) жарияланды. Елде көк, сары, сарғылт, қызыл түстермен белгіленген апат туралы ескертпенің төрт деңгейлі жүйесі қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/331811-kytajdagy-tajfun-ajmagynda-kalyp-kojgan-kazakstandyk-otbasy-kytkaryldy.html