Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам жегіш Николай Жұмағалиевтің тағы бір қылмысы ашылды

Опубликовано:

Ақтөбелік ізкесушілер осыдан 24 жыл бұрын қаладағы Москва ықшам ауданында көз жұмған студент қыздың қайтыс болу себебін анықтады.

Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" басылымы хабарлайды деп жазады NUR.KZ.

Аталған іс бойынша мамандар бүгінде Алматы маңындағы "Ақтас" психиатриялық ауруханасында жатқан адам жегіш Николай Жұмағалиевті кінәлі деп тауып отыр.

Осыдан 24 жыл бұрын Ақтөбеге бір күн аялдаған адам жегіш әдепкі қалпынан айнымай, тағы бір қыз баланы өлтіріп, жеп қойған. Жер үйлердің бірінде терезені жаппай киім ауыстырып жатқан қыз баланың ажалы осы адам жегіштен келіпті. Жұмағалиев кейін қызды қалай жегенін әңгімелеп берген.

Жалпы, адам жегіш Николай Жұмағалиев 18 қыздың өмірін қиған. Әйел адамдарды қалай өлтіргенін тергеу жұмыстары кезінде толығымен баяндап берген.

Сырт көзге ол өте сыпайы, сымбатты, білімді адам секілді көрінеді. Бірақ өте өзімшіл, өзін Шыңғысханның ұрпағымын деп санайды.

Бүгінде ол қоғамнан алшақтатылып, ақыл-есінде ауытқушылығы бар адамдарға арналған ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның өте тәртіпті екенін, айналасындағыларға зияны жоқ екенін айтып, оның қоғамдық ауруханаға ауыстыру керектігін де айтады.

Алайда, сериялық кісі өлтіруді зерттейтін мамандар дәрігерлердің бұл ұсынысын қолдамайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/332041-adam-zhegish-nikolaj-zhymagalievtin-tagy-bir-kylmysy-ashyldy/

pixel