Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 8-сынып оқушысы үйді жылыту тәсілін ойлап тапты

Опубликовано:

Қызылордалық 8-сынып оқушысы Мақсат Қарлыхан мал қиынан биогаз ала отырып, үйді жылыту тәсілін ойлап тапты.

Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлайды.

Қызылорда каласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы әлемдегі табиғат ресурстарының тез таусылып жатқанына алаңдаулы. Осы орайда, ол айналаға залалын тигізбей тұрғын үй және мал қораларды жылытуға болатын биогаз алуды ойлап тапты.

"Әлем ғалымдары жел, күн көзінен қуат көзін алуды ойлап жүр. Ал біз кәдімгі мал қиынан алынған биогазды ұсынамыз. Оны тұрғын үйлерді жылытуға отын ретінде пайдалануға болады", - дейді Мақсат Қарлыхан.

Құрылғы биогаз түзу үшін қолданатын биомасса мен бактерия арасында жүретін реакция резервуары, газ қоспасынан тазартатын сүзгіш резервуары және газды сақтайтын резервуардан тұрады.

Мақсат жоба жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Марат Атабаевпен биомасса құрамының сапасы мен санына қолайлы жағдай жасау жұмыстарымен айналысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/332210-kyzylordada-8-synyp-okushysy-yjdi-zhylytu-tesilin-ojlap-tapty/

pixel