RU

"Аспанға қараймын" әнінің орындаушысы бір жылда байып кеткенін айтады (видео)

Маңғыстаулық әнші Абай Бегей бүгінде нағыз той жұлдызы атанған. Заттыбекті басып озуға аз қалған әншінің "Аспанға қараймын" әні шыққалы бері оны тойға да, гастрольге де, қонақ болуға да шақырулар толассыз түсіп жатыр. Ал, жақында ол Куба еліне шақырту алыпты.

Дәл осы кубалық әншілер қазақтың Абай Бегейінің орындауындағы әнін сүйіп қалғаны сонша оған әнді бірге айтып, бейнеклипке түсуге ұсыныс жасаған. Абай көп ойланбастан, бірден келісімін беріпті.Енді осы әншілердің шақыруымен Абай Бегей қараша айында Куба еліне гастрольдік сапармен барып қалуы мүмкін. Ал, Абайдың әнін емін-еркін айтып, тойларда талай қаражат тауып жүргенін кубалықтарға әнші қызғаныш көздермен қарамайды  екен.Себебі, өзі де осы бір ғана әннің себепкерлігімен қалтасын қалыңдатып алған. Бұған дейін талай  рет шығармашылығы үшін тер төккен әнші "Аспанға қараймыннан" кейін үй алып, ескі теміртұлпарын мына қымбат Мерседеске ауыстырып, Ақтауда жеке той салонын ашып үлгерген.Ресейдің танымал рэпері Тимати Абай Бегейдің әнін сахнаға шыққанда қоюды әдетке айналдырған көрінеді. Бұны ғаламтордан көрген Абай Бегей басында жылап жіберген.Енді алдағы уақытта барша қазақты билетіп жүрген бұл әнді Тимати де орындап қалуы әбден мүмкін. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/332305-aspanga-karajmyn-eninin-oryndaushysy-bir-zhylda-bajyp-ketkenin-ajtady-video.html