RU

Қоқыста жатқан бесіктің суреті әлеуметтік желідегі қауымды шошытты

Қазақ ұлтының қасиетті һәм қастерлі бұйымы саналатын бесік қоқысқа лақтырыла бастады.

Қоқыстағы бесік

Бұл туралы "Алаш айнасы" басылымы Халима Тәжіқұл атты Фейсбуктағы әлеуметтік желісін белсенді пайдаланушыға сілтеме беріп хабарлайды.

Халима Тәжіқұл өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қоқысқа тасталған бесіктің екі суретін жариялаған. Сондай-ақ, ол: "Төркінімде бесікті пайдаланбайтын болса, үйдің шатырына іліп қоятын. Балалары өсіп кеткен әр үйдің шатырынан бесік көріп өстік. Ал мына жұрт қоқысқа тастапты. Жақсы ырым емес-ау...", - деп өз ойын білдіріпті.

Осы постың астына Шарипа Шадығали атты азаматша "Салт-дәстүр сөйлейді" кітабынан үзінді келтіріп, бесіктің қалай пайда болғаны жайлы жазады.

"Бесік ең алғаш тобылғыдан жасалғандықтан, ол қасиетті ағаштардың біріне айналыпты. Одан бесік, қамшы, ыдыс-аяқтар жасапты. "Бесікті отқа жақпа", "аяқасты етпе", "қадірлеп ұста" деген ырымдар осыдан кейін шыға бастаған екен. Тобылғы бесікте тербелген сәби "арыстандай топ жарады, жолбарыстай жол тосады", - деп ырымдайды делінеген әлеуметтік желідегі пікірлердің бірінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/332440-kokysta-zhatkan-besiktin-sureti-eleumettik-zhelidegi-kauymdy-shoshytty.html