RU

Шымкентте түрік сериалының табынушысы "Хюррем" атты дәмхана ашты

Шымкентте жаңадан ашылған дәмханаға иесі "Хюррем" есімін берді. 

Бұл туралы "Замана" газетіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Кәсіпкер Динара Жекешова дәмханаға ат таңдар кезде біраз ізденген. Алайда, өзі сүйіп көретін "Сұлтан Сүлеймен" сериалының басты кейіпкері Хюрремнің есімінен артық ат таппапты.

Бұл дәмханада негізінен түрік тағамдары ұсынылады. Арнайы Түркиядан келген аспаздар жұмыс істейді.

Одан бөлек, "Хюррем" дәмханасында "Хюррем" деген салат та бар. Бұл салаттың 100 грамы 350 теңге тұрады.

Жақын аралықта Динара "Хюррем" атты тәтті тағамның да ұсыныла бастайтынын айтады.

Тағы бір айта кетерлігі, мұнда арақ-шарап сатылмайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/332533-shymkentte-tyrik-serialynyn-tabynushysy-hyurrem-atty-demhana-ashty.html