RU

Астанаға атақты теннисші Рафаэль Надаль келді

Елордаға атақты теннисші Рафаэль Надаль келді. Қазақстан теннис федерациясының шақыруын қабыл алған "Үлкен Шлем" турнирінің 14-дүркін жеңімпазы Астанада бірқатар іс-шараға қатысуды жоспарлап отыр.

Олимпиада чемпионы алдымен, "Team Kazakhstan", академиясының талантты жастарына шеберлік сабағын өткізеді. Келесі күні Назарбаев Университеті студенттерімен кесдеседі.

Ал басты шара 25-ші қыркүйек күні сағат 19:00-де Ұлттық теннис орталығында өтеді.

Бұл сында Надаль өзімен бірге Қазақ топырағына аяқ басқан Франция теннисшісі Жо-Вильфрид Тсонгамен көрнекі кездесу өткізеді.

"Мен Қазақстан теннис федерациясының президентінен шақыру алғанда, көп ойланбастан келісім бердім. Қазақстанға алғашқы сапарым. Сіздің елге келгеніме өте қуаныштымын. Қазақстанда үлкен теннисті дамыту мақсатында ұйымдастырылып отырған шара жанкүйерлер мен жас теннисшілер үшін бағасы жоқ мүмкіндік", - дейді Надаль.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/332966-astanaga-atakty-tennisshi-rafael-nadal-keldi.html