Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баланы 6 жастан мектепке беруге ұстаздар қарсы шықты

Опубликовано:

Елімізде балалар 1-сыныпқа енді 7 жастан емес, 6 жастан қабылданбақ. Білім және ғылым министрлігінің осы тұрғыда әзірлеген жаңа заң жобасын қазір мамандар қызу талқылап жатыр.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, бұдан былай бір сыныпта әр түрлі жастағы оқушылар білім алмауы тиіс. Яғни, мектеп табалдырығын алғаш аттайтындар міндетті түрде тек 6 жаста болуы керек.

Ал мұғалімдер мұндай қатаң талап енгізуге қазірден қарсы шығып отыр.

Бұл – әзірге білім саласына енгізілуі мүмкін өзгерістің жобасы ғана. Онда бүлдіршіндерді мектепке міндетті түрде тек 6 жастан қабылдау қарастырылған. Министрлік келтірген дәлелі әртүрлі. Мысалы, бір сынып ішінде әлімжеттік сияқты тәртіпсіз әрекеттер белең алмауы үшін онда әр түрлі жастағы балалар бірге оқымауы керек.

Оның үстіне бұл оқушылардың мектеп бағдарламасын бір кісідей игеріп алуына сеп болады екен.

"Бірінші сыныпқа қабылдағанда әр түрлі түсініксіз жайттар болып жатыр. Сол себепті қазір заңға нақты 6 жасқа толғандар мектепке баруға болады деген ереже кіргізіліп жатыр",- дейді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

Бірақ осы бір ықтимал өзгеріске ұстаздар жағы алаңдаулы. Қазақ тілі мүғалімі Гүлфайруз Бектемісова бастауыш сынып оқушыларына ұзақ жылдан бері сабақ беріп келеді. Ол бүлдіршіндермен жұмыс жүргізудің қиын екенін айтады. Сондықтан баланы мектепке 7 жастан емес, 6 жастан қабылдауды міндеттеу дұрыс емес. Кішкентай бала қиналып та қалады дейді ұстаз.

"Оларға бір орында 35-40 минут отырудың өзі қиындық алып келеді. Бір жерде отырып бір нәрсені тыңдап, бір нәрсені қайталап, жазып отыру қиын. Оларға қозғалыс керек, ойын керек, әр түрлі қызығушылық болуы керек. Ал оны бізге жасау үшін аудиторияда ешқандай мүмкіндік жоқ"- деп қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлфайруз Бектемісова алаңдаушылығын білдірді.

Білім беруге қатысты заң жобасын тәуелсіз сарапшылар да құп көріп отырған жоқ. Бұл білімге жасалған реформадан гөрі, министрліктің жұмысын көрсетуге бағытталған кезекті шара дейді мамандар.

"Білім және Сапа" қоғамдық қорының жетекшісі Федор Вассерманның айтуынша, бұл – әншейін министрліктің жұмыс істеп жатқанын көрсету үшін әзірлеген жобасы. 

Федор біресе мектепті 12 жылдық қыламыз деп,  енді бірде кішкентай балаларды мәжбүрлеп 6 жастан партаға отырғызбақ болған министрлікке наразы.

"Ол жаста бала ,тек, мектепке дейінгі дайындық курсын өтуі керек. Одан да министрлік мектеп ішіндегі мәселелерді шешпей ме?!", - дейді ол.

Десек те, білім жүйесіне өзгеріс енгізуді қарастыратын жаңа заң жобасы әзірленіп қойды. Егер ол ертең парламентте қабылданып жатса, балаңызды алты жастан қалдырмай мектепке қамдауға міндетті боласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/333068-balany-6-zhastan-mektepke-beruge-ystazdar-karsy-shykty/

pixel