RU

Қытайдағы қазақ қыздарының қытайлықтарға тұрмысқа шығуы жиіледі

Қытайдағы қазақ қыздарының қытайлықтармен шаңырақ көтеру көрсеткіші өсу үстінде.

Бұл туралы "Қиян" ақпараттық-танымдық сайты хабарлайды.

Сайттың жазуынша, 2000 жылдардың басында қытайлардың қазақтармен қыз алысып, қыз берісу көрсеткіші елдегі басқа халықтармен салыстырғанда ең төмен көрсеткіш болған. Яғни, Қытайдағы 2 миллион қазақтың 0,23 пайызы ғана қыздарын қытайға берген немесе қытай қызын келін қылған.

Ал бұл көрсеткіш биыл біраз өсіп, 2,8 пайызға жеткен.

"Бар болғаны 2 миллион қандасымыз үшін бұл аз көрсеткіш емес. Қытаймен құда болуда қазақтар 20 миллион ұйғырды да басып озып, 1 пайыз асып кеткен", - деп жазылған сайтта.

Адам саны жөнінен Қытайдағы ұлттар ішінде төртінші орын алатын ұйғырлар ішінде қытайлармен некелескені 0,62 пайыз.

Сайт келтірген деректерге сүйенер болсақ, қытайлармен ең көп қыз алысатын аса танымал емес хыжы деген ұлт екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/333137-kytajdagy-kazak-kyzdarynyn-kytajlyktarga-tyrmyska-shyguy-zhiiledi.html